28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі.
Осыған дейін «Журналистер күні» маусымның соңғы жексенбісінде бейресми аталып келген болатын. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма беріп, Қазақстандағы журналистер күнін ресми түрде бекіткен болатын. Үкіметтің қаулысымен 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ретінде белгіленді.
Атаулы күнге орай Қазақстандағы барша журналистер қауымын, БАҚ саласында қызмет етіп жатқан әріптестерімізді мерекесімен құттықтаймыз! Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Демократиялық қоғамның дамуы, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында аянбаңыздар!


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді