АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады.
Ақ үй басшысы жолдаған жеделхатта: «Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу мен қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолындағы еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін. Сонымен қатар COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларыңызға оң баға бергім келеді. Пандемияны тоқтату және COVID-19 індетінен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруде біздің бірлескен күш-жігеріміз маңызды болып қала бермек. Сіздің саяси жаңаруға бағытталған реформалық, өршіл бағдарламаңыз ерекше мақтауға лайық. Халықтың Үкіметке деген сенімін арттыру, гүлденген және серпінді қоғамның негізгі іргетасы саналатын бостандықтарды қорғауды күшейту бойынша алға қойған мақсаттарыңызды Америка Құрама Штаттары қолдайды. Біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің аясында осы бастамаларды іске асыруда әрдайым Сізбен серіктес болуға дайынбыз», – делінген.
Қасым-Жомарт Тоқаев билігінің бір жылы жайлы мына сілтемеден оқи аласыздар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті