Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустың мәлімдеуінше, әлемде коронавирустың таралуы қайта күшейіп келеді.
Bloomberg сайтында көрсетілгендей, соңғы 10 күнде әлемде дертті жұқтырғандардың саны тәулігіне 100 мыңнан асқан. Індетті жұқтыру дерегінің көбі Америка, Оңтүстік Азия жән Африкада тіркеліп отыр. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда да науқастардың қатары көбейе түскен. ДДСҰ басшысы мәлімдемесінде: «Біз әлемде шерулерге қатысып жатқан азаматтардан сақтық шараларын барынша ұстануды сұраймыз. Адамдар арасындағы арақашықтық бір метрден кем болмасын. Медициналық бетперде тағып, қолдарыңызды жиі-жиі тазалап тұрыңыздар. Ал ауырған адамдарды үйден шықпай, емделуге шақырамыз», – дейді. Сол себепті ұйым басшысы карантин талаптарын сақтап, босаңсымау керектігін ескертті.
Қазір әлемде 7 милиионнан астам адам дертке шалдыққан. Науқас саны бойынша антирекорд орнатқан елдер қатарында АҚШ, Латын Америкасы елдері, Ұлыбритания, Ресей көш бастап тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді