Алматы мен астана қалаларында карантин шараларының күшейтілуі жайлы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеме жасады.
ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері: «Соңғы бір аптада вирусты жұқтыру деңгейі 1,9 процент пен 4,7 процент арасында өзгеріп тұрды. 3 маусымнан бері ауру белгілері кездесетін және кездеспейтін науқастар статистикасын жүргіздік және 3 және 7 маусым аралығы коронавирус белгілері байқалмайтын 1357 адам тіркелді», – дейді.
Есмағамбетованың айтуынша, әзірге қос қалада мұндай қажеттілік жоқ. Жалпы жекелеген қалалар бойынша соңғы шешімді жергілікті санитарлық дәрігер қабылдайды. Олар қайсыбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдай нашарласа, ондағы сауда орталықтары мен басқа да мекемелерді қайтадан жабуы мүмкін. Бүгінгі брифингте Айжан Есмағамбетова сақтық шараларын барынша ұстану қажеттігін айтып, коронавирус белгілері байқалмайтын науқастардың да барын ескертті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы