Өткен күні Қазақстанда 271 адамнан коронавирус кеселі анықталғаны белгілі болды.
Дерттің өсімі 2,3% көрсетті. Кейстердің ең көбі Қарағанды (68), астана (55), Атырау облысы (35) және Алматы қаласында (26), сондай-ақ БҚО (22), Алматы (21) облыстарында тіркелген. Жұқтыру жағдайы барлық өңірден анықталған.
3 маусым Қарағанды облысының 56 жастағы, Атырау өңірінің 56 және 69 жастағы тұрғындары, сонымен қоса 69 жастағы қайтыс болғаны туралы қаралы хабар айтылды. Жаз маусымының алғашқы 3 күнінде дерттің тура әсерінен 8 қазақстандық құрбан болды.
Осылайша елде екі жарым айдың ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 12 мыңнан асып кетті. Нақтырақ айтқанда, науқастар саны жалпы жиыны 12 067-ге жетті. Оның жартысынан көбі (6240) ауруынан айығып, сауығып үйіне жіберілген деседі. Өкінішке қарай, ресми ақпарат бойынша, COVID-19 вирусын жұқтырған 48 адамның жағдайы қиындап, қайтыс болған. Дегенмен бірқатар БАҚ өкілдері (Информбюро және Азаттық) өткен аптада Қазақстанда вирус жұқтырған кем дегенде 72 адамның қайтыс болғанын анықтап хабарлаған еді.
Дүниежүзіне таралған аты жаман ауруға шалдыққан науқастардың саны бойынша еліміз 49-орынға шыққан. Президент Тоқаев Тwitter желісіндегі ресми парақшасында вирустың екінші толқынының туу қаупіне алаңдайтынын жазды:
"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан сақтанып, індеттен қорғану амалын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде тағу) ұстануға тағы да шақырамын", - дейді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес