Армения премьер-министрі Никол Пашинян коронавирусқа шалдықты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Пашинян осы аптада әскери бөлімдерге іссапар жоспарлағандықтан, вирусқа тест тапсыруды жөн көрген. Аурудың белгілері анықталмаса да, премьер-министр тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. Пашинянның отбасы мүшелері де коронавирусқа шалдыққаны анықталды.
Өткен аптада ел премьер-министрі коронавирустың екінші толқыны басталатынын айтқан. Журналистерге өткізілген брифинг барысында Пашинян: «Елде коронавирустың екінші толқыны басталды. Бірнеше күн бойы комендатурамен бекітілген ережелер қалыптасқан ахуалға қаншалықты сәйкес келетінін талқылап келеміз. Бірнеше уақыт аралығында қабылданған шектеулер тиімді. Дегенмен осы шектеулерді, ережелерді сақтау жағынан мәселелер көп туындап отыр», – деді.
Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Арменияда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. 25 мамырдан бастап халық маска тағып жүру режиміне көшті. Тек жабық орындарда ғана емес, ашық және қоғамдық жерлерде маска тағу міндеттелді. Джон Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, Арменияда қазіргі уақытта коронавирустың 9 282 жағдайы тіркелген.
Бұған дейін Британия премьер-министрі Борис Джонсон, Ұлыбритания ханзадасы Чарльз, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та қауіпті дертке шалдыққан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді