Esquire журналының мексикалық нұсқасына берген сұхбатында футбол жұлдызы біраз сырларымен бөліскен.
– Маған жоғары дәрежелі футболист болу үшін, өзінің отбасын лайықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек ететін кез келген еркек тәрізді көп нәрсені құрбан етуіме тура келді, – деді Месси, – кішкентайымнан үй бетін көрмей өстім, отбасы, достардан да оңаша болдым. Бірақ, соған қарамай өз таңдауымды жасадым.
Сынға ұшырап жатқаным мені аса алаңдатпайды. Футболшылардың үнемі қысымда жүретінін бәрі біледі. Мен аргентиналық жанкүйрлерді жақсы түсінемін. Олар маған қандай да бір титулға ие болсаңшы, ұтып алсаңшы дейді. Енді, соған жету үшін өзіміз де жанталасып жүрген жоқпыз ба.
“The Qazaq Times”