Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 265 адам анықталды, оның 84-і астанада тіркелген.
Алматы қаласында 57 науқас белгілі болған. Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бұл туралы 21 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сәйкесінше жиынтық өсім 3,8% көрсетті.
- Астана – 84 (6,4%)
- Алматы қаласы – 57 (3,0%)
- Атырау облысы – 24 (3,0%)
- Шымкент қаласы – 23 (4,7%)
- Алматы облысы – 19 (8,7%)
- Батыс Қазақстан облысы – 13 (3,8%)
- Қарағанды облысы – 13 (4,5%)
- Қызылорда облысы – 11 (4,3%)
- Павлодар облысы – 9 (5,4%)
- Жамбыл облысы – 5 (2,3%)
- Ақтөбе облысы – 2 (0,9%)
- Түркістан облысы – 2 (0,8%)
- Ақмола облысы – 1 (0,7%)
- Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%)
- Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)
Жалпы ел бойынша ауырған адамдардың саны – 7234 болды.
Десе де ел ішінде індеттің барына сенбейтіндер де аз емес. Сарапшылар мұны биліктің жете ақпараттандырмауынан, БАҚ өкілдеріне аурухана маңынан санитарлық нормалар мен медициналық құпияны қатаң сақтап хабар таратуына рұқсат бермеуімен байланыстырады. Кеш те болса ұққан болуы керек, жергілікті әкімдіктер дертке шалдыққан ерікті науқастар мен дәрігерлердің үндеуін қолға ала бастапты. Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар мен дәрігерлер мәлімдеме жасады. Олар халықты сақтық шараларын қадағалап, өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырады.
;feature=emb_titleСоңғы бір айдағы науқастар қатарының кестесі.

Кейінгі күндері тіркелген кейстер саны көбейіп келеді. Фото: coronavirus2020.kz

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр