Қытайдың Ухан провинциясынан басталған COVID-19 вирусын бүгінде Қазақстан бойынша 7234 адам жұқтырып, оның 3734-і айығып, өкінішке орай 35 адам көз жұмды. Осыған байланысты елдің барлық өңірінде сақтық шаралары қолға алынды. Осы ретте бүгін Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау жүргізіліп жатыр.
- Алмалы ауданы бойынша: Абай – Назарбаев – Райымбек – Сейфуллин – Байтұрсынов көшелерінің шаршы аумағы;
- Алатау ауданы бойынша: Самғау, Алмалы, Алатау сити, Зерделі, 13 терр., 14 терр;
- Әуезов ауданы бойынша: Райымбек даңғылы, Саин, Жұбанов, Қабдолов, Алтынсарин, ықш.:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, Сайран, Өтеген батыр к-сі, Төле би, Тастақ-1 ықш;
- Бостандық ауданы бойынша: Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Жароков көшесінің шаршы аумағы.
- Жетісу ауданы бойынша: Райымбек – Жетісу – Рысқұлов-Кудерин көшелерінің шаршы аумағы;
- Медеу ауданы бойынша: Самал – 1, 2, 3, Достық, 128, 132, 138, 160, 162,158, Төле би - Назарбаев – Мақатаев – Қайырбеков көшелерінің шаршы аумағы. Қайырбеков – Мақатаев көшелерінен Кіші Алматыға дейін, Төле биден "Шығыс паркі" ТК-ге дейінгі шаршы аумақ;
- Наурызбай ауданы бойынша: Хан-Тенгри ТК, Әл-Фараби ТК, Рахат ықш., (Арыстанбаб, Көкдала, Құлтөбе к-сі), Қарғалы (Байдәулет, Райан, Редько көш.), Құрамыс ықш. (Сейдімбек к-сі);
- Түрксіб ауданы бойынша: Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Дөнентаев, Алтай-1, Алтай-2, Наманганская, Гризодубов, Захаров, Беринг, Алматы әуежайы, Майлин, Закарпатская, Ахметова, Огарев, Монтажная, Төменгі Пятилетка, Бекмаханов, Спасская, К. Цеткин, Земнухова.