«Асад ұзақ уақыттан бері бейбітшілік алдындағы кедергі және соғыс қылмыскері» деген Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілі Никки ХейлиСүрия (Сирия) халқының Башар Асадты қаламағанын айтты. Бұл туралы "Анатолы" агенттігі жазды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің осы айдағы төрағалық міндетін де атқарған Хейлиге әрі АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон, әрі өзінің «Асадтың болашағына Сүрия халқы шешім жасайтыны» жайлы мәлімдемелері ескертілді.
Хейли осы мәлімдемелердің Асадтың сайлауларға қатысуын АҚШ-тың қолдайтыны мағынасында емес екенін білдірді.
Никки Хейли «Асадқа оң көзбен қарамаймыз, бұны ашық айттық. Ол ұзақ уақыттан бері бейбітшілік алдындағы кедергі және соғыс қылмыскері. Өз халқына өте аяусыз жамандықтар жасады» деді.
Хейли Ресей және Иранның Асадқа жасаған қолдауын да сынға алды.
“The Qazaq Times”