Гонконг депутаттары төбелесті. 18 мамыр, дүйсенбі күні Гонконгтың Заң шығару кеңесінің кезекті жиынында үкіметті жақтаушы және демократиялық өзгеріс талап етуші депутаттар арасында төбелес болды. Олар Сайлау комитетіне төраға сайлау мәселесінде келісе алмаған.
Сайлау комитетінің құзырына Гонконгтағы ең бір қайшылыққа толып болған Қытай Халық Республикасының әнұранын қорғау мен қадағалау қызметі де кіреді. Сондықтан, ұқсамаған саяси көзқарастағы депутаттар арасында аталған комитет басшысын тағайындауға деген қарама-қарсы пікірлер өршіп, соңғы Кеңестің залын төбелес майданына айналдырып жіберді.

Бейжің Гонконгтан ҚХР әнұранына құрмет көрсетуін талап етіп келеді. Ұлттық гимнге құрмет көрсетпегендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жүзеге асырғысы келеді.
Алайда, демократиялық құндылықтарға ұмтылып жатқан Гонконгта бұл ойлары іске аспай келеді. Аталмыш заңды қабылдау былай тұрсын, қадағалау құзыретіне ие комитеттің басшысын сайлау ісінде де кедергіге ұшырап отыр.

Екі тарап арасындағы қайшылық бірер айдан бері жалғасып келеді. Депутаттары арасындағы кешегі төбелеске күзет қызметі араласып тоқтатты, кейбір «қызуқанды» депутаттарды залдан көтеріп шығарды.
Айта кетейік
Гонконгтағы бір палаталы Заң шығару кеңесі 1843 жылы құрылған. Ол кезде Гонконг Британияның қоластына қараған кез және аталған кеңес губернаторға кеңес беру қызметін өтеген. Қазір оның 70 өкілі болып, Гонконгтағы ықпалды билік органына айналған. Ол бюджетті, салық пен үкіметтік және қоғамдық шығындарды бақылай алады. Оған қоса судьяларды тағайындап, Гонконг әкімшілігінің басшысына импичмент жариялай алады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер