Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.
Хатта: «Кеселге қарсы жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген.
Ердоған вирустан көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты және екіжақты стратегиялық әріптестік дағдарыстан кейін қазіргіден де беки түсетініне сенім білдірді.
Қазіргі уақытта Түркияның қауіпті дертпен күрес шаралары оң нәтиже көрсетіп отыр. Бастапқыда 100 мыңнан асып жығылған науқастар саны күн сайын азайып, 111 557 науқас аурудан айығып шықты. 34 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Алдағы күндері вирус дерегі тіркелмесе, Түркия билігі 15 маусымнан шекарасын ашпақ.
Соңғы деректер бойынша, әлемде Covid-19 коронавирусы 4,8 миллионнан астам адамға жұққан. Қайтыс болғандар 310 мыңнан асты. Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асып, 35 адам қайтыс болды.