Түркіменстан билігінің Ауғанстанға халқына жіберген гуманитарлық көмегі тиелген жүк көліктерін "Талибан" қозғалысының содырлары барымталап кеткен. Түркімен жағы жүкті 2 мамырда Акина портында ауғандарға тапсырылған. Азық-түлікті сол жерде ауған жүк көліктері Маймана қаласына қарай алып шыққан. Көмек Маймана қаласы мен соған жақын аймақтарда тұратын халыққа таратылуы тиіс еді.
Ауғанстанның Фарьяб уәлаятының басшысы Накибулла Файип "Біз оны кедейлерге таратуымыз керек еді. Азық-түлік "Талибан" бақылауындағы ауылдарға да беріліп жүрген. Бірақ гуманитарлық жүкті содырлар тартып алды", - деді
"Талибанның" бұл әрекеті қылмыспен тең деген Файип жүктердің бір бөлігін содырлар өздерінің әскери лагеріне апарғанын. Ал төрт жүк көлігін күн астына қалдырғанын және олардың бірінде жеміс-жидек, жұмыртқа бар екендігін, әйелдер мен балалар көмек күтіп отырғанын, тәліптер азық-түлікті халыққа таратпай не өздерін де жолатпай отырғанын айтты.
Жергілікті кеңестегі депутаттар "Талибан" қозғалысының өкілдерімен келіссөз жүргізуге барып, ақсақалдар гуманитарлық көмекті халыққа таратуға өтініш жасағанымен "Талибан" оларға құлақ аспай отыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр