Ресми дерек бойынша 6 сәуір 23:30-ға дейін Қазақстанда тағы 11 адам коронавирус жұқтырып елдегі осы індетке шалдыққандардың жалпы саны 662 адамға жетті. COVID-19 вирусы байқалған 11 адамның біреуі Түркістан облсынан, бесеуі Қызылорда облсынан, бесеуі Жамбыл облысынан.
Осы уақытқа дейін елордадан 221 адам, Алматы қаласынан 119 адам, Қарағанды облысынан - 48 адам, Ақмола облысынан 42 адам, Атырау облысынан 24 адам, Жамбыл облысынан 40 адам, Шымкент қаласынан 19 адам, Шығыс Қазақстан облысынан 6 адам, Алматы облысынан 10 адам, Ақтөбе облысынан 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысынан 25 адам, Павлодар облысынан 1 адам, Маңғыстау облысынан 5 адам, Қызылорда облысынан 50 адам, Батыс Қазақстан облысынан 2 адам, Түркістан облысынан 33 адам, Қостанай облысынан 1 адам вирус жұқтырып, жалпы 662 науқас тіркелді. 46 адам аты жаман ауырудан айығып шықса, 6 адам қаза болды.
Бас санитар Айжан Есмамбетованың айтуынша вирус жұқтырған 16 науқастың халі ауыр. Сондақ-ақ, осы вируспен күресіп жатқан 120 медициналық қызметкер де коронавирус жұқтырып алған.
Айгерім Батырханова