Бүгін, 6 сәуір коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi. Олардың гео-есебі:
- Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам,
- Жамбыл облысында – 1 адам,
- Қарағанды облысында – 16 адам,
- Маңғыстау облысында – 2 адам.
Індет жұқтырған науқастардың ең көбі астанада 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында – 48 адам, Ақмола облысында – 23 адам, Атырау облысы – 24 адам, Жамбыл облысында – 29 адам, Шымкент қаласында – 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 5 адам, Қызылорда облысында – 37 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 28 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 604 науқас тіркелді.
Қатерлі дертке шалдығып, артынша ем алып, сауығып шыққандардың саны 45-ке жетті. Астанада 24 және Алматыда 21 адам үйіне жіберіліп, екі аптаға карантин режиміндегі бақылауға алынған.
Өткен күні, 5 сәуір 53 кейс, 1 өлім жағдайы болған еді. Ауру жұқтырғандар саны 600-ден асқанда, қайтыс болғандар қатары алты адамға жетті. Елорда мен Шымкентте, Түркістан және Қарағанды облыстарында бір-бірден, ал Ақмола облысынан 2 өлім жағдайы тіркелді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес