Dadax комерциялық емес компаниясына қарасты Worldometer статистикалық ақпараттар базасы және АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, әлемде қатерлі вирусқа шалдыққандар саны милионнан асты. Сондай-ақ 52 мыңға жуық науқас қайтыс болса, 210 мыңдай адам дертінен айықты.
Коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 10 мыңнан асқан 14 ел (Дереккөз: Worldometer)
Елдер | Науқастар саны | Өткен тәулікте тіркелген науқастар | Қайтыс болғандар | Ең алғаш инфекция тіркелген күн |
АҚШ | 235,281 | +20,278 | 5,603 | 20 қаңтар |
Италия | 115,242 | +4,668 | 13,915 | 29 қаңтар |
Испания | 110,238 | +6,120 | 10,096 | 30 қаңтар |
Германия | 83,875 | +5,894 | 1,066 | 26 қаңтар |
Қытай | 81,589 | +35 | 3,318 | 10 қаңтар |
Франция | 59,105 | +2,116 | 4,503 | 23 қаңтар |
Иран | 50,468 | +2,875 | 3,160 | 18 ақпан |
Ұлыбритания | 33,718 | +4,244 | 2,921 | 30 қаңтар |
Швейцария | 18,827 | +1,059 | 536 | 24 ақпан |
Нидерланды | 18,135 | +2,456 | 356 | 26 ақпан |
Түркия | 15,348 | +1,384 | 1,011 | 10 наурыз |
Бельгия | 14,697 | +1,083 | 1,339 | 03 ақпан |
Аустрия | 11,076 | +365 | 158 | 25 ақпан |
Оңтүстік Корея | 11,068 | +1,337 | 134 | 13 ақпан |
Әлем бойынша | 1 000,174 | +65,006 | 51,384 | 10 қаңтар |
Сонымен бірге COVID-19 індетінің таралу қарқыны көпті алаңдатып отыр. Оның динамикасы:
- 10 қаңтар-8 наурыз – 0 – 100.000 науқас;
- 18 наурыз – 200.000 науқас;
- 21 наурыз – 300.000 науқас;
- 24 наурыз – 400.000 науқас;
- 26 наурыз – 500.000 науқас;
- 28 наурыз – 600.000 науқас;
- 29 наурыз – 700.000 науқас;
- 31 наурыз – 800.000 науқас;
- 1 сәуір – 900.000 науқас;
- 3 сәуір – 1 000.000 науқас.
Қазіргі таңда қатерлі дерттің таруын тотату және алдын-алу мақсатында ДДСҰ-ның дерегінше, 44 түрлі вакцина үлгісі дайындалып жатыр. Бірақ оның ішіндегі ең дұрыс, пайдалы нұсқасын анықтап, өндіріске жіберуге дейін кемі жарты жыл керек көрінеді.