Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттердің басшылары видеоконференция форматында саммит өткізді.
Жиында коронавирус пандемиясынан экономикаға төнген ірі дағдарыстан құтылудың жолдарын талқыланды. Алайда тараптар ортақ шешімге келе алмады. Себебі ұсынылған бюджет жоспары кей елдерге тиімсіз.
Саммит кезінде Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте бұрынғы жобаны мақұлдамай, аталған жоспардың ірі масштабты дағдарыспен күресте қолайсыз екендігін айтып, сынға алды.
Төрт сағат көлемінде өткен саммитте нақты нәтиже шықпағандықтан, саммит екі аптаға шегерілді. Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель осы уақыт аралығында одаққа мүше елдердің қаржы министрлері эконмикалық дағдарысқа қарсы жоспарлар әзірлеуі тиіс деген тапсырма берді.