Америка Құрама Штаттарында коронавирусқа шалдыққандар саны 85 мыңнан асып, бұл көрсеткіш бойынша инфекция ошағы саналған Қытайды басып озды. Ресми мәліметтер бойынша Қытайда 81 мың 782 адам вирус жұқтырған делінген.
АҚШ-та инфекция тым жылдам тарап жатқаны туралы ел билігі растады. Президент Трамп елде инфекцияны анықтаушы тесттердің массалық деңгейде жүріп жатқанын айтты. Індет жұқтырғандар елдің 50 штатында тіркелді. Ең ауыр жағдай Нью-Йорк қаласы мен штатында.
Сенаттың мақұлдауымен экономиканы қолдау үшін АҚШ тарихында ең көм қаражат (2 триллион доллар) бөлінді. Сондай-ақ, әмерикалық әр азамат 1200 доллардан жәрдемақы алады.
Мәліметтерге қарағанда, инфекция тарағаннан бері АҚШ-та жұмыссыздық 3 пайызға артқан.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау