Бейсенбі күні, 26 наурызда Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Уашиңтонды шекараға әскер қою шешімінен бас тартуға шақырды.
«Канада мен АҚШ әлемдегі ең ұзын әскерсіз шекараны иеленетін елдер. Бұрынғыша қала бергені екі жаққа да маңызды әрі тиімді. Әйтпесе, бұл ұзақ уақыттан бергі одақтас қарым-қатынасымызға нұқсан келтіреді», – деген торонтолық Трюдоның ұсынысын қазіргі таңда Ақүй қарастырып жатыр. Дегенмен The Wall Street журналы америкалық анонимді шенеунікке сілтеме жасай отырып, Трамп әкімшілігі бұл ұсынысты қабылдамағанын хабарлады.
АҚШ-тың Канададағы бұрынғы елшісі Брюс Хейман «Ақүй әрекетінің ешқандай әскери не экономикалық мәні жоқ. Дональд Трамптың саяси деңгейінен басқа ештеңе емес», – деп айыптайды.
Пентагондағы бірнеше ведомство көлеңкелі сауда айналымы мен «мексикалық сипаттағы» мигрант ағынын ауыздықтау үшін солтүстік шекараға бойлап әскер тұрғызуға мәжбүр екенін мәлімдеді. Ал Канада вице-премьері Хрестия Фреланд Трамптың бұл шешімі «елдің денсаулығына алаңдаудан тумағанына сенімді». Соңғы дерек бойынша Канадада 4 мың, АҚШ-та 85 мың науқас тіркелген.