Минск пен Мәскеу арасындағы мұнай-газ мәселелері шешімін тапты деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин.
Путин: "Біз мұнай-газ саласындағы осы уақытқа дейін дау тудыртқан мәселелерді шешу жолында ортақ шешімге келдік. Сонымен қатар, олардың қай уақытта шешілетіндігін де жоспарлап қойдық" - деп, Беларуссия президенті Александр Лукашенкомен болған келіссөздердің қорытындысын жариялады.
Екі ел арасындағы мәселе алдағы 10 күн ішінде өз шешімін табады деп күтілуде. Келіссөздер барысында алдағы уақытта да осы сала бойынша жүргізілетін жұмыстардың да жоспары жасалмақ.
Ресей мен Беларуссия арасындағы мәселелер 2016 жылдың басынан бастап, өз шешімін таба алмай келеді. Беларуссиялық тарап ресей газының бағасы тым қымбаттығына байланысты көп төлеуден бас тартқан, сәйкесінше, Ресей бұл елге БАЖсыз мұнай жеткізілімін азайтқан болатын. Кейіннен, бұл экономикалық мәселе үлкен саяси жанжалға айналып кету алдында тұрған болатын.
"The Qazaq Times"


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?