Қырғызстан астанасының Первомай ауданының сотында экс-президент Алмазбек Атамбаевтың қатысы бар Қой-Таш ауылындағы жаппай тәртіпсіздік туралы істі қарау басталды.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл іс бойынша жалпы 14 адамға, оның ішінде президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязовқа, ұлттық парламент депутаттары Әсел Қодыранова мен Ирина Карамушкинаға айып тағылған. Елдің бұрынғы президенті сот ғимаратына ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан жеткізілді.
2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қырғызстанды басқарған А.Атамбаев 8 тамызда Қой-Таш ауылында орналасқан резиденциясында бір тәулікке жуық созылған арнайы операция кезінде қолға түсті. Сот айыптауларын мойындаудан бірнеше мәрте бас тартқан Атамбаевтың жақтаушылары полицияға қарсылық көрсетіп, қақтығыс орын алды. Арнайы жасақ сарбазы көз жұмды. Сол күні ұсталған экс-президент ҰҚКД тергеу изоляторына жеткізілді.
Алмазбек Атамбаевқа құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетті, жаппай тәртіпсіздік орнатты, криминалды топ басшысы Әзиз Батукаевқа қолдау көрсетті, Бішкек ЖЭО қайта құру кезінде жемқорлық жасады, Бішкектегі «Форум» өнеркәсіп ғимаратының басшылығымен заңсыз мәмілеге келді және Есік облысындағы Қой-Таш, Ыстықкөлде жер учаскелерін заңсыз жолмен алды деген айыптар тағылған. Сонымен қатар жоғарыда аталған айыптаулардың ішінде «экс-президент адам өлтірмек болды және адам бопсалады» деген бөлім де бар.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі