Коронавирус пандемиясы Қарағандыға да жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі онда 2 адамның індетке ұшырағанын хабарлады.
Ведомство өкілдері соңғы тәулікте Алматыда да тағы үш адамның вирус жұқтырғаны анықталғанын айтты.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, астанада – 25 адам, Қарағанды каласында – 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді», – делінген ведомство хабарламасында.
19 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 860 адам аурухана, 2611 адам үй карантинінде (барлығы 3471 адам). Сондай-ақ вице-премьер Ержан Тоғжанов 23 наурызға дейін 18 рейспен шетелде жүрген 4 мыңға тарта қазақстандықты елге жеткізілетінін хабарлады.
Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ал Алматы қаласы мен астанада 19 наурызда карантин енгізілді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді