Ресей президенті Владимир Путиннің Қырым түбегіне жұмыс сапарымен келуіне байланысты Украина Сыртқы істер министрлігі Мәскеуге қарсылық нотасын жолдады.
Украинаның сыртқы саясат ведомствосы: «Путиннің Қырымға және Севастополь қаласына келуіне байланысты Ресейге наразылық нотасы берілді», – деді. Путин Қырым түбегіне екі күндік жұмыс сапары 18 наурыздан басталды.
2014 жылы Киевтегі қақтығыстардан кейін Ресей Қырым мен Севастополь аймағын аннексиялап алған. Сол жылы 18 наурызда Қырымды Ресей құрамына қабылдау туралы шартқа қол қойылды, ал 21 наурыз құжат федералдық жиында ратификацияланды. АҚШ, Еуроодақ, Түркия және Украина Қырымды Ресей жері ретінде мойындамайды. Батыс елдері Қырым аннексиясын байланысты Ресейдің «агрессиялық саясатын» айыптап келеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы