Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов брифингте астанада коронавирусты жұқтырудың 14 жаңа оқиғасы тіркелді.

«Бүгін сіздерге Алматы қаласындағы қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша елордада 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», – деді денсаулық сақтау министрі.

Қазақстанда коронавирустың осымен 27 жағдайы тіркелді. Алматыда сегіз және елордада екі адамнан вирус анықталды.

Сондай-ақ, Қазақстанның коронавирус жұқтырған бір азаматы Германияда карантинде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тек ел аумағындағы науқастардың тізімін жасағандықтан, он адамды ғана есепке алып отыр.

Тоқаевтың айтуынша, төтенше жағдай режимі қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

"The Qazaq Times"