Миланнан астанаға әуе рейсімен ұшып келген қазақстандық үшінші науқас ретінде тіркелгені расталды.
Министр Елжан Біратновтің мәлімдеуінше, үшінші науқаспен бірге бортта 90 жолаушы болған. Миланнан оралған әйел қазір астанадағы ауруханада. Сондай-ақ бір Қазақстан азаматы Берлинде аталған дертпен күдікке ілініп, карантинге алынған. Ол Германиядағы Қазақстан елшілігінде қызмет ететін ұлына қыдырып барған азамат екені хабарланды.
«Италия астанасы Миланнан келген тағы бір науқастың 12 наурыз күні елордаға келген әйел екені анықталды. Хаттама-нұсқау бойынша байланыста болған тұлғалар анықталуда», - деді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігі шетелден келген 1786 азаматты үш топ бойынша монитроинг жүргізуде. 1А тобына 1270 азамат, 1Б тобына 268 азамат және 2 топқа 248 азамат кіреді. Өткен тәулікте 361 азамат мониторингтен босатылды.
Бұған дейін түсте министр Германиядан келген 46 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел азаматтың Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына қатаң бақылауға алынғалы хабарланған болатын. Бүгінгі сағат 18:00-дегі ресми дерек бойынша, жалпы жиыны Қазақстанның 4 азаматы коронавирус жұқтырған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі