Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мекере күні әйелдер маршына қатысқан бірнеше белсендіге айыппұл салды.
Cудья белсенді Фариза Оспанға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1-тармағына сәйкес айыпты деп танып, "ұсақ бұзақылығы үшін" - 13 мың теңге, Арина Осиноваға маршқа қатысып, "ұсақ бұзақылық" жасағаны және тіркеуге тұрмағаны үшін жиыны 84832 теңге көлемінде айыппұл салған. Ақпарат бойынша, судья марш кезінде қатысушылардың құшақ гүлді өртеуін "бұзақылық" деп бағалаған.
Бұған дейін 8 наурыз, мереке күні Алматыда қазақстандық феминистер әйелдер құқығының ахуалы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі айтылған "қаралы шеру" өткізген болатын. Шеруді ұйымдастырғандар маршты өткізу үшін былтыр алты-жеті рет Алматы қаласы әкімдігіне өтініш бергенін, рұқсат ала алмағанын айтқан. Oyan, Qazaqstan азаматтық қозғалысының жастары аталған сот үкімімен келіспейтінін және апелляцияға беретінін мәлімдеді.
Халықаралық қауымдастық Қазақстан билігінен "Бейбіт жиын өткізу туралы" заңды қайта қарап, сөз бостандығына кедергі келтірмеуді талап етіп келеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді