Федералдық Қауіпсіздік департаментінің есебіне қарағанда ата-анасыз Германияға барып, баспана талап еткен 14-17 жас арасындағы балалардың 8346-сы із-тозсыз кеткен. Бұл туралы trt.net мәлімдеді.
Департамент шілде айындағы есебінде бұл санды 8991 деп берген еді.
Сонымен бірге, Германияда жоғалып кеткен 13 жастан төмен бала саны 922.
Бір босқын лагеріне тіркеулі бала лауазым иелеріне хабар берместен кетіп қалса, ол да жоғалды деп есептеледі. Балалардың көбі лагерь және жатақханалардан кетіп қалады. Алайда кейбір балалар террор ұйымдарының немесе есірткі топтарының қолына түседі деп болжам жасалған.
Таяу уақыттағы Орта Шығыс пен Таяу Шығыстан кәрі құрлыққа ағылғандардың саны жыл сайын неше милионнан асып кетеді. Бұлардың көбі еңбек күшін көп қажет ететін Германия секілді дамыған елдерге жетіп күн күрісін жалғамаққа ұмтылғанымен бәрінің бірдей жолы бола бермейтіні анық.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес