Астанадағы Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнология» АҚ-нда 1,7 миллиард теңге жымқырылғанын мәлімдеді.
Ведомство өкілі Болат Қамитов «Қазір индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайтын «Қазтехнология» АҚ 2013 жылдан бері 1,7 миллиард теңге көлемінде бюджет қаржысын қолды еткен. Алайда тергеу енді басталғандықтан ақпаратты жариялауға болмайды», – деді.
Жарамсыз оқ-дәрілерді жоюмен және қару өндірісімен айналысатын компанияны қазіргі таңда Ақбаев Дархан Төлеуғалиұлы басқарады. Сондай-ақ аталған компанияның жалғыз акционері «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы екені белгілі болды. Бұл компания мұнайгаз, теміржол, агроөнеркәсіп кешендерінің тапсырыс берушілеріне өнімдер шығару және қызмет көрсету, қару және әскери техниканы өндіру-жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Былтыр жазда Арыс қаласының іргесіндегі әскери оқ-дәрі қоймасында төртінші рет «жойқын» жарылыс болып, 45 мың тұрғын бассауғалап кетіп босқын атанған болатын. Елді дүрліктірген төтенше оқиғаның кесірінен жүздеген адам медициналық көмекке жүгініп, төрт адам көз жұмған және мыңдаған үй-нысан бүлінген еді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр