Мемлекет басшысы Тоқаев апта басында астанадағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған азаматтық белсенді Дулат Ағаділ «жүрек талмасынан қайтыс болды» деп мәлімдеді.
Қазақстандық Informburo.kz сайтына берген сұхбатында Тоқаев белсендінің өліміне байланысты полицияның айтқан алдын ала болжамын қуаттады. Бұған дейін белсендінің жақтастары мен құқық қорғаушылар биліктің мәлімдемесіне күмән келтіріп, Ағаділдің өлімін әділ тергеуді талап еткен еді. Осы мақсатта әлеуметтік желілер арқылы оппозициялық және азаматтық күштер бірлесе отыра прокуратура ескертпесіне қарамастан, 1 наурыз күні жалпыхалықтық бейбіт митингке шығатынын хабарлаған болатын.
«Ірі қоғамдық резонанс тудырған іспен мұқият танысып шықтым. Өкінішке қарай, белсенді Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды деп сеніммен айта аламын. Басқаша тұжырымдау – ақиқатқа қарсы шыққандық. Бәріміз Жаратушының еркіне бойұсынамыз», – деді «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған президент.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес