Коронавирус «ковид-19» Қытай шегінен шығып, әлем елдеріне таралып барады. Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Италия және Иран қатарлы елдерде вирустың таралуы қорқынышты деңгейге өтті. Грузия билігі де елде вирус жұқтырған адамның табылғанын мәлімдеді.

Мәліметке қарағанда, вирус жұқтырған Грузия азаматы Ираннан келген екен. Соңғы күндері Иранда вирустан көз жұмғандар саны 15 адамнан асты, Италияда болса соңғы тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны үш есеге артып, 453 адамның вирус жұқтырғаны мәлім болды.

Осы тұста Қытайда 1970 жылдары Кеңес одағында шығарылған «Арбидол» препаратын көптеп сатып ала бастады. Өткен аптада Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі «ковид-19» вирусына қарсы амалдардың бірі ретінде осы «Арбидол» препаратын ұсынған болатын. Осыдан кейін Қытайда «Арбидолға» сұраныс та, баға да артты. Қытай үкіметі де көп мөлшерде сатып алған. Бірақ, аталған препараттан вирус жұқтырғандардың жазылғаны туралы анық дерек жоқ.

Ресейде «Арбидол» коронавирусқа қарсы күресте өнімді болады деген ақпарат тарағаннан кейін 29 қаңтардан 18 ақпанға дейін дәрінің құны 18 пайызға өсіп кетті. Ал, 25 ақпанда Ресейдің монополияға қарсы Федералдық қызметі мақсатты түрде «Арбидол» өндірген «Отисфарм» компаниясына айыппұл салды, себебі, компания «Арбидолды» коронавирусқа қарсы көмектеседі деген мазмұнда радиодан жарнама таратқан.

Аталған дәрі бұған дейін бұншалық танымал болған емес. Қытай басылымдары да түрлі пікірде сараптамалар таратып жатыр. Кейбір сарапшылар бұны Қытай үкіметінің халыққа үміт беру үшін мақсатты таратқан қауесеті деп те жатыр. Препаратқа қатысты тест те жүргізіліп үлгірген, тест нәтижесі соншалықты жақсы болмаған. Дегенмен, медицина мамандары сынақтың әлі де жалғасып жатқанын айтады.

 

“The Qazaq Times”