АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео барлық мемлекеттерді COVID-19 дерті туралы шындық айтуға және Қытай басшылығын өз және шетел тілшілеріне және медициналық қызметкерлерге өз пікірін еркін білдіруге рұқсат етуге шақырды.
Майк Помпео сөзінде: «АҚШ-та індеттің таралуына тосқауыл қою үшін сапарларға шектеу қойдық. Вирусты жұқтырған азаматтарымыз, атап айтқанда, Хубэй провинциясына саяхаттаған және Diamond Princess кемесінде болған адамдар елге оралғанда оқшауланып, ем қабылдауда. Ал елімізден тыс аумақта Мемлекеттік департамент вирусқа қатысты жағдайды мұқият бақылап, осы дерттен зардап шеккен елдерге көмек көрсетіп жатыр», – деді.
Ошағы Қытайдан басталып әлемге тараған қатерлі коронавирус індетінен 2761 кісі көз жұмып, 80,9 мың адам жұқтырған. Қытайдан тыс 38 елде: Филиппин, Гонконг, Жапония, Франция, Италия, Тайвань, Оңтүстік Корея және Иранда 46 адам вирустан айыға алмай, көз жұмған. Соңғы деректер бойынша 80987 адам инфекция жұқтырып, 1868 науқас вирустан қайтыс болғаны мәлім болды.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?