Украина СІМ басшысы Вадим Пристайко Ресей-Беларусь қарым-қатынасы нашарлайды деген болжам айтты. Прагада жарық көретін Respekt журналына сұхбат берген Пристайко екі ел арасындағы қарулы қақтығыс мүмкіндігінің жоғары екендігін жоққа шығармады.
Пристайко сөзінде: «Беларусь Республикасын қиын кезең күтіп тұр. Бірнеше жыл бұрын мен Беларусь тілшілерімен сөйлескенде, алдағы жылдары Мәскеу мен Минск арасына сызат түсетінін ашып айтқанмын. Егер Беларусь тәуелсіз ел боп қалғысы келсе, Ресеймен қарулы қақтығыс күтіп тұр. Украина тарапынан мынадай кеңес береміз: Ресей сіздерді басып алуға талпынса, шетелдік әріптестеріңіздің айтқанына құлақ түріп, жеңіліс табу керек немесе қақтығысқа шығу керек» – деді.
Ресейдегі ақпараттық саясат және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссия басшысы Алексей Пушков Украина СІМ басшысы Вадим Пристайконың Беларусь пен Ресей Федерациясының қарулы қақтығысы туралы ойына «дипломатияға кереғар арзан пропоганда» деген баға берді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Беларуське сапарынан кейін 3 ақпанда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресми мәлімдемесінде «Лукашенко мен Путин ынтымақтастық байланысты дамытып, ортақ саяси бағыт ұстанып келеді» деді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы