Қытайда тарап жатқан жаңа вирустың қауіпті 2002-2003 жылдары тараған SARS коронавирусынан да асып түсті. Вирустың таралу ошағы болған Хубей провинциясының өзінен 780 адам көз жұмған. Ресми мәліметтерге қарағанда Қытайда вирустан көз жұмғандар саны 800 адамнан асып кеткен.

SARS вирусы тараған кезде ресми мәліметтерде 722 екі адам қаза болғаны айтылған еді. Қазір Қытайда вирус жұқтырған адамдар саны 35 мыңға жуықтаған. Хубей провинциясының әкімшілігі хабар таратып сол аймақтағы мектептер кемінде наурызға дейін жабық болатынын ескертуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қаңтар айында індетке байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялаған болатын. Аталған ұйымның жетекшісі Тедрос Адхан Гебрейесустың мәлімдеуінше соңғы төрт күн ішінде індет жұқтырғандардың жағдайы тұрақтала бастаған. Алайда, бұл қауіпті індеттің жақсарғанын білдірмейді деген.

Қытайға іргелес бірқатар елдерде де жағдай күн сайын ауырлай түсуде. Жапония да өткен аптаның соңында вирус жұқтырғандар саны 96 адамға жеткен. Бұған қоса Тайланд, Филиппин, Сингапур және Гонконгта да вирусқа шалдыққандар саны артты.

“The Qazaq Times”