Моңғолияда «Монголын Зон Олон» /МОЗО/ («Моңғол жұртшылығы») аталатын отандық көліктер сатылымға шығарылатын болды.
«Барс моторс» компаниясы өз инвестицияларымен ҚХР-ың Ханчжоу қаласында автокөлік құрастыратын біріккен зауыт ашып, өнім шығара бастаған.
Негізінен «Барс Моторс» ЖШС өзінің бірлескен кәсіпорнына жылына 25000 автомобиль шығаратын мүмкіндікке ие. Келесі жылы 100% электрмен жұмыс істейтін автомобильдер шығармақ. Сонымен қатар, «Барс Моторс» Моңғолияда автомобиль шығаратын зауыт ашу үшін зерттеу жұмыстарын бастаған.
Ресми мәліметтер бойынша, Моңғолия тұрғындары автокөлік сатып алуға жылына 500-800 миллион доллар жұмсайды. Ел үкіметі автокөлік сатып алуға жұмсалатын қаражат ағымын сақтау мақсатында көлік шығаруды дамытпақ.
Қазіргі уақытта көліктердің сапасы сынақтан өткізіліп жатыр. Алғашқы болып сатылымға шығатын автомобильдер орташа өлшемді, жол талғамайды, бағасы моңғолдардың өмір сүру жағдайлары мен қаржылық мүмкіндіктеріне сай болады дейді сарапшылар.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді