Қытай Денсаулық сақтау министрлігі елде тарап жатқан қауіпті вирустың ауқымы кеңейе түсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Қытай денсаулық сақтау тармақтарының мамандары жаңа вирусқа «2019-nCoV» деген ат қойған.
Қытай үкіметі вирустың жалғасты таралуын тоқтату үшін қосымша шараларды іске қосты. Кеше ғана жария болған ресми мәліметтерде вирус жұқтырғандар саны 200 айналасында деп көрсетілген еді. Бүгінгі мәліметтерде оның 440 адамға жеткені мәлім болды. Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы вирустың таралу жағдайы «қауіпті шекке жеткенін» мойындады.
Кеше ғана Бейжің тарабы ресми мәлімдеме арқылы вирустың адамнан адамға жұғатынын растаған. Бірақ, инфекцияның неден, қалай пайда болғаны туралы анық мәлімет жоқ. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы болса Қытайдан төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр. Бұл туралы шешім бүгін белгілі болуға тиіс еді.
Қытайға көршілес бірқатар елдер Ухан қаласынан келген жолаушыларды тексеруден өткізіп жатыр. Тіпті, алыс құрылықтағы Америка Құрама Штаттары да үш үлкен халықаралық әуежайында тексеру шарасын іске қосты. Бұған дейін, Тайланд пен Жапонияға барған жолаушылардан аталған вирусты жұқтырғандар анықталған еді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті