Талғарлық белсенді Галина Арзамасова оқ ату «ісі бойынша күдікке ілінген Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов қамауға алынғанын» жеткізді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтан зардап шеккен Галина Арзамасова Азаттыққа «Бүгін жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік аппараты департаментінің жетекшісі Мұрат Қарымсақов хабарласып, менің өтінішім бойынша Аппазовтың уақытша қамау изоляторына қамалғанын айтты. Енді сот болады, оны қанша уақытқа қамайтынын шешуі тиіс» деген.
Арзамасованың айтуынша, «әртүрлі мүдделі» топтардың араласуымен іс сиырқұйымшақтанып» кеткен. Ал жәбірленушіге «шабуыл жасауға тапсырыс берген», тіпті «үйінің ауласына молоток (жанармайға толы бөтелке) лақтырып, тапаншамен бірнеше оқ атуын» бұйырған ауыл әкімі мен оның «бұйрығын екі етпейтін» жүргізушісі прокурор оқыған айыптау актісімен толық келіспейді.
Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен жүргізушісі Сманов күдікті ретінде қамалып, екі айдан соң кепілмен босатылған. Оларға былтыр жаздың соңына таман Қарабұлақ ауылының тұрғыны, белсенді Галина Арзамасова Талғар ауданы әкімдігіне кірі берісте пневматикалық мылтықпен оң жақ жамбас тұсын жаралағаны үшін бірқатар айып тағылуы тиіс. Белсенді аудан әкімінің қабылдауына Қарабұлақтағы мектеп маңындағы жердің жекеменшікке берілгенін, жерді алған адам үй салмақ боп жатқанын айтуға келген болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі