АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану туралы келіссөзді қайта бастауды ұсынды.
Ақ үй басшысының ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайеннің айтуынша, Уашингтон Пхеньянды Стокгольмдегі кездесуді жалғастыруға шақырып отыр. Әзірше, Солтүстік Корея ресми жауап берген жоқ.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұған дейін: «Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру міндетін орындау үшін, үкіметіміз Солтүстік Кореямен белсенді жұмыс істейді. Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун бұл істі жүзеге асыруға дайын екенін айтып отыр. Біздің қазіргі білуімізше, Солтүстік Корея жаппай қырып-жойғыш қаруларды сақтап қалуға тырысатыны анық, яғни ядролық қару мен оны өндіру мүмкіндіктерін толығымен тастай алмайды. Бұның себебі – Солтүстік Кореядағы билеуші жетекшілер ядролық қаруды КХДР режимінің бар болып тұруының кілті ретінде қарайды», – деген.
2018 жылы маусымда Сингапурда Трамп пен Ким арасында «тарихи саммит» өтті. Кездесуде КХДР басшысы ядролық қарудан бас тартып, Құрама Штаттың экономикалық демеуін қабыл алатынын айтқан. Екі ел арасындағы қарқынды диалогтар, дипломатиялық іштесуге қарамастан ядролық қарусыздан процесі алға баспай-ақ қойған еді. Бірақ, АҚШ президенті Пиоңяңмен мәміленің жақсарып келе жатқанын, аталған міндетті жүзеге асыра алатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.