7 қаңтар АҚШ-та бірнеше жылдан бері айналымға енгізуге дейінгі пробациялық процесте жүріп жатқан EHang 216 дрон-таксиін сынақтан өткізу жобасы сәтті өтті. Федералды авиация басқармасының (FAA) рұқсатымен пилотсыз басқарылатын такси-ұшақтың алғашқы ерікті жолаушылары қатарынада Солтүстік Каролина штатының губернаторы Рой Купер болды.
Роли қаласындағы кезекті тестілеу кезеңін табысты аяқтаған ерекше такси түрін дайындаушы қытайлық EHang өндірістік инновация компаниясы. Бұған дейін патент иесі ерекше әуетаксиін Қытай мен Австрияда да арнайы сынамадан өткізген. Алдағы жылы АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) жаңа әуе таксиін азаматтық авиация нарығына енгізуді қолға алады.
Аталған пилотсыз әуе көлігі квадрокоптер үлгісінде әзірленіпті. EHang 216 сегіз жұп коаксиалды қанаты мен корпустың орталық бөлігінде жолаушылар салоны бар.
Жалпы құрылғы екі жолаушыны сағатына 160 шақырым жылдамдықпен 80 шақырымға дейін тасымалдай алады. Ұшқышсыз тікұшақ-таксиді 30 минут ішінде толық зарядтауға болады деседі.
EHang 216 нарықта жаппай қолданысқа 2025 жылы шығару жоспарланған. Әлден-ақ жүздеген тапсырыс беріп қойған тікұшақ-такси алдымен Азияда пайда болмақ. Әр EHang 216 дрон-көлігінің бағасы 400 мың доллардан тұрады. EHang тек электр қуаты қағидасымен 100% жасыл технологияға негізделген. Келесі айда Қытайдың азаматтық авиация бағдарламасында ойдағыдай іске асса, жаздан бастап аспан асты елінде коммерциялық мақсатта ұшырыла бастайды.