Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов кеше филология ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР әлеуметтің ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, терминолог Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болғанын айтты.
Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев 1936 жылы 5 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келеген.
Бұрынғы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған. Филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкері. 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. 1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Ө.Айтбайұлының ғылыми зерттеулері, шығарған кітаптары, қоғамдық қызметі туралы әріптестері тарапынан әлденеше рет баспасөз беттерінде жылы лебіздер, жағымды пікірлер айтылды, ал әншілік-домбырашылық өнердегі қырларын өнертанушылар аса жоғары бағалады.
Ө. Айтбайұлының ғылыми-зерттеу, тәлімгерлік-ұстаздық, қоғамдық қызметінде әлі де мол еңбектер берері сөзсіз. Академиктің дидарғайып әңгімесін мына сілтемеден көріп тыңдауға болады.
Академиктің қазасына байланысты редакция атынан марқұмның туыстары мен отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтамыз.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді