Бұрнағы шығармашыл журналист ретінде, кейіннен 2017 жылдың көктемінен бері «Жас Алаш» газетінің редактор қызметінде жемісті еңбек еткен Руслан Ерботаның орнына жаңа кадр келді.
Ендігі жылы Ұлыс тойы қарсаңында жарық көргеніне 100 жыл толатын қара шаңырақ басылымның басынан кешірген тағдыр тарихы мен мән-маңызы өз алдына бөлек дүние. Есті жастан бастап самайына ақ түскен ақсақалға дейін жаздырып оқитын беделді әрі жаңашыл басылым соңғы жылдары да өз жолынан ауытқымай, мұратынан жаңылмай келеді.
Осы уақытқа дейін 16 мыңға тарта нөмірі жарық көрген тарауих газет өзінің «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болуда аянып қалған жоқ. Оны қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған басылымның мультимедиялық платформа түрінде және әлеуметтік желілерде қолжетімді бола түсуінен көреміз. Бұрынғы редактор Руслан Ербота facebook желісіндегі жеке парағында «газет тиражын құлатпай ұстап тұрдық, сайттың күндік оқылымын он мыңнан асырдық» дегені медианың түпкілікті трансформациялану кезінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін жауапты міндет. Сондықтан редакция атынан әріптесіміз, азаматтық журналистиканың шығармашыл өкілі Руслан Ерботаның алдағы еңбек жолына зор табыс пен жаңа биік белестер тілейміз.
Ал отандық баспасөзде айрықша орны бар «Жас Алаштың» жаңа бас редакторы болып тағайындалған журналист Инга Иманбайға интернет әрі газетті басылымның болашағымен бірге кәсіби жетістіктерге жетуіне тілеулестік танытамыз.
Қазақ халқының құқықтық әрі қоғамдық санасында үлкен сілкініс тудырған 2019 жылдың өне бойында басылым әрқандай маңызды оқиғаларды назарынан қалт жібермей, жаңа айдарлармен толысып, заман талабына сай сұранысқа сусаған көзіқарақты оқырманға аса өзекті тақырыптар бойынша бейнеконтент ұсына алды. Алдағы кезде де «Жас Алашты» исі қазақ елінің бір аты алаш жұртының жоғын жоқтап, тақсіретін түгендеп, қажетіне жарайтын мүддесінен таймас деген үміттеміз.