Теһрандағы Имам Хомени халықаралық әуежайы маңында бортында 170 адамы бар Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Киевке ағыт алған. Тасним Иран агенттігі апат техникалық ақаулықтарға байланысты орын алғанын хабарлады. Әуежай басшысы апат туралы ақпаратты растаған. "Рейтерс" агенттігінің хабарлауынша, ұшақта болған жолаушылардың барлығы қаза тапқан.
Ұшақ «Украина халықаралық әуе жолдары» әуекомпаниясына тиесілі. Жолаушылар ұшақтарының қозғалысын бақылайтын Flightradar24 сайты «Boeing» Теһраннан жергілікті уақыт бойынша 2:42-ге ұшып көтерілгенін және ол туралы соңғы ақпарат екі минут өткен соң 2:44-де алынғанын хабарлады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел