Қазақстан мен АҚШ әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Ведомство таратқан хабарламада: «Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Үкіметі тарапынан келісімге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ал Америка Құрама Штаттарының Үкіметі тарапынан – АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Уильям Х. Мозер қол қойды», – делінген.
Аталған келісім Қазақстан үшін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) әуе көлігін одан әрі либерализациялау жөніндегі ұсынымдарына сәйкес «ашық аспан» қағидаттарын көздейтін үшін бірінші құжат. Келісім аясында тараптардың тасымалдаушыларына ауа еркіндігінің «бесінші дәрежесі» беріліп, межелі мекендердің және жиіліктердің саны бойынша шектеу қойылмайды. Ресми өкіл мәлімдегендей, бұл келісім екі ел арасындағы тікелей рейстердің ашылуы саяси, экономикалық, мәдени өзара қарым-қатынастар мен туризмді дамытуға, сондай-ақ «Астана»халықаралық қаржы орталығының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етпек.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті