Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды.
Бұған дейін Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жамбыл магистральды желісінің бөлімі» – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т.Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген болатын.
«Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрмасының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде – жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді. Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді», – делінген агенттік хабарламасында.
Өткен аптаның бейсенбісі, 26 желтоқсан Қарағанды облысына қарасты Приозерск қалалық сотының үкімімен Т.Қыдырбаев кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы