Тарихи қайшылыққа толы жапон-қытай қатынасы осы жылдың соңына қарай бірқатар жаңалықтармен толықты. Қытай төрағасы алдағы жылы Жапонияға алғаш рет мемлекеттік сапармен баруға дайындалуда.
Бүгін Чыңду қаласында (Қытайда) жапон бас уәзірі (премьер-министрі) Шизо Абе Қытай премьері Ли Кычияңмен (Ли Кэцян) кездесіп Қытай басшысының Жапония сапары туралы ақылдасты.
Кездесуде жапон бас уәзірінің кездесудегі пікірі кескін болды. Ол Шығыс қытай теңізіндегі саяси жағдай тұрақтанбай тұрып, Жапония мен Қытай қарым-қатынасының жақсармайтынын ашық аңғартты. Екі ел арасында Шығыс қытай теңізінде Дяоюй аралдары (Жапониядағы Сенкаку аралдары деп аталады) мен оның маңындағы су айдындарының территориялық таласы бар. Бұл территориялық дау соңғы жылдары екі ел қатынасын тіпті де нашарлата түскен еді.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қытай премьерінің қатысуымен Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея басшылары арасында кездесу өтті. Бұл кездесудің нәтижесінде алдағы жылы Шығыс Азиядағы үш ел арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамытатын келіссөздер жандана түспек. Бұған қоса үш ел Солтүстік Кореяның толық ядролық қарусыздану процесін жүзеге асыру үшін ортақ әрекеттенбек.