УЕФА Шымкент командасына Fair Play қаржы ережесін бұзғаны үшін 100 мың еуро айыппұл салды. Бұл туралы euronews хабарлады.
Енді «Ордабасы» келер жылғы Еуропа лигасынан тыс қалуы мүмкін. Егер клуб 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін несие қарыздарын қайтарғанын дәлелдесе, еурокубок жарыстарына қатыса алады.
УЕФА-ның бұл мәлімдемесіне қатысты Шымкент клубы ресми мәлімдемесінде: «Бүгінгі таңда «Ордабасы» футбол клубы 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі барлық кредиторлық қарыздарды жауып, УЕФА талаптарына сәйкес сертификатқа үміткер ретінде лицензия процесінен өтуде. Осыған байланысты «Ордабасы» футбол клубының Еурокубоктардан шығарылу қаупі жоқ», – деп мәлімдеді.