БҰҰ Бас хатшысы сәрсенбі күнгі осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне №2231 Жарғының орындалуы туралы жасаған есебінде Американың Иранға санкция салу арқылы оны бұзғанын хабарлады деп жазды Парсы ақпарат көздері.
Антониу Гутерреш есепте Американың "Ортақ қадам" келісімінен шыққанына өкініш білдіріп, Қауіпсіздік кеңесінің №2231 Жарғысына сәйкес барлық елдің Иранмен еркін сауда жасай алуы керектігін мәлімдеді. Гутерриш есепте сонымен қатар Американың көп түйткіл қалыптастырғанына қарамастан Иранның табандылық танытып келе жатқан қуаттады.
БҰҰ Бас хатшысы сонымен қатар Иранның осы уақытқа дейін АҚХА-нің көптеген есебіне сәйкес "Ортақ қадамдағы" міндеттемелерін толығымен орындағанын атап айтты.