АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 10 желтоқсанда Уашингтонда кездеспек. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады.
The Washington Post газеті АҚШ әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Помпео 10 желтоқсанда Уашингтонда Лавровпен екіжақты қарым-қатынас, қару-жарақты бақылау, Сүрия мен Украинадағы жағдайды талқылауға ниетті екенін хабарлады. Тараптар екі елдің байланысы жөнінде сұхбат өткізіп, конференциялар ұйымдастырмақ. Аталған басылым ьілшісі Джон Хадсон Twitter-дегі парақшасында Америка сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесін жариялады.
Осыған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О ' Брайен CBS телеарнасына берген сұхбатында Лавровтың Ақ үй басшысымен де кездесуі мүмкін екенін айтқан. Оның ойынша, нақты бір келіссөздер жүргізілмесе де, қару-жарақ тасымалы талқылануы тиіс.
РФ СІМ басшысы соңғы рет 2017 жылы Уашингтонға АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді