Өкілдер палатасындағы республикалықтар Дональд Трампқа қатысты импичментті жоққа шығарды, — деп хабарлайды Politico басылымы.

Ақ үй басшысына тергеуге байланысты 123 беттік құжатты жариялаған. Онда демократтар келтірген айғақтың бірде-біреуі Трамптың жемқорлық, бопсалаушылық немесе заңға қайшы әрекетке барғанын дәлелдей алмайды делінген. Сондай-ақ, республикалықтар президенттің Джо Байден мен оның ұлына қатысты алаңдаушылық білдіруін орынды деп жазған. Ал Украинаға әскери көмекті уақытылы бөлмеуі, Зеленскийдің реформаға дайын болуын күткеннен деп түсіндірген.

Негізінен Трампқа импичмент жариялау туралы тақырып АҚШ-та былтыр қарашада өткен Конгресске аралық сайлау кезінде талқыланған. Бірақ, бұл шешім республикалық сенаторлар қолдауынсыз айтарлықтай мағынаға ие болған жоқ. Себебі, импичмент жариялау үшін барлық сенаторлар 2/3 бөлікте дауыс беруі тиіс. АҚШ президентінің мақұлдау рейтингісі – Ақ үй қарамағындағы партиялардың деңгейін анықтау үшін арналған. Дональд Трамп рейтингі соңғы уақытта 40%-дық көрсеткішке жетті. Салыстырмалы түрде, Барак Обаманың рейтингі 2010 жылғы аралық сайлау алдында 45%-ды құраған болатын. Яғни елдегі қарсылықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан Трамптың көрсеткіші жоғары бағаланған.

"The Qazaq Times"