Ресей ұшақтары Идлибке әуеден соққы жасады.
Politico мәліметінше, Ресейдің әуе күштері 4 ауданға соққы берген. Салдарынан 2 бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған азамат жарақат алды. Қазір оқиға орнында азаматтық қорғаныс бригадалары зардап шеккен тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, үйінді астында қалғандарды құтқарып жатыр.
22 қазанда Ресей мен Түркия президенттері Сочиде өткен кездесуде Сүрияның солтүстік-шығысындағы жағдайды реттеу бойынша бірлескен әрекеттер туралы меморандум қабылдады. Күрд қарулы күштеріне 29 қазанда Түркия шекарасынан оңтүстікке қарай 30 шақырымдық аймақты толығымен босату тапсырылды. Ультиматумның аяқталған күні Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу күрд қарулы құрылымдарының қауіпсіздік аймағынан шығарылуы мерзімінен бұрын аяқталғанын хабарлады.
Кейіннен Ресей Сүрияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб провинциясында террорлық топтарға қарсы әскери операцияны қолға алған болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел