Бүгін Франция президенті Қытайдағы екі күндік ресми сапарын бастайды. «Рейтер» ақпараттық агенттігі Франция президентінің баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып, кезекті сапарында президент Макрон Қытайды өз міндеттемелерін толық орындауға шақырады және шетелдік компаниялардың Қытай нарығына шығуына көбірек мүмкіндік беруін талап етеді делінген.
Франция президенті Эммануэль Макронның Қытай сапары Шанхай қаласында өтіп жатқан 2-ші реткі Халықаралық импорттық өнімдер көрмесіне қатысумен басталады. Бұл көрмеге Макронмен қатар ЕО-ның бірқатар лауазымды тұлғалары да қатысады.
Макронның Қытай сапарына Францияның 30 ірі кәсіпорын өкілдері де бірге бармақ. Франция президентінің көмекшілері мәлімдемесінде кезекті сапарда Қытай нарығына шығатын франциялық компаниялардың импорттық шектеулерін жойып, Қытай нарығының ашықтығына қол жеткізуді мақсат ететінін жеткізген.
Батыс елдері көптеген жылдардан бері Қытайды әділетсіз сауда соғысын жүргізді деп айыптап еледі. Бұған қоса нарықта шетелдік компанияларға отандық компаниялармен бірдей мүмкіндік бермейді деп те сынаған. Шетелдік компаниялардың өз технологияларын мәжбүрлі түрде Қытай компаниясына өткізіп беру сынды келісімдер арқылы ғана өз нарығына кіргізіп келген. Қытайдың бұл әділетсіз сауда саясатының соңы АҚШ пен Қытайдың сауда соғысына алып келді.
Айта кету керек, Франция президенті Қытай сапарына аттанудан бұрын халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйым президент Макронға хат жазған. Хатта Франция президентінің кезекті сапарында Қытайдағы адам құқығын бұзылуы мәселесін ресми кездесуде ортаға қою туралы ұсыныс жасалған. Алайда, Франция президенті Қытай басшысымен кездесуде батыл қадам жасап, адам құқығы мәселесі көтере қоюы екіталай.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі